• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2016

Мектептегі киім үлгісі заң талабына сай болуы тиіс

1337 рет
көрсетілді

Мектеп киім үлгісінің бірыңғай ережеге сәйкестігі туралы мәселе Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында талқыланды. Бұл шараға Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты. Алғашқы сөзді Э.Сухан­бер­диева алып, елімізде міндетті мек­теп формасы 2016 жылдан енгі­зіл­генін атап, қазір еліміздегі оқу­шы­лардың 76 пайызы (2 млн-нан астам) мектептерде белгіленген үлгі­ні киіп жүргенін жеткізді. Ал рес­пуб­ликамыздағы бастауыш сынып­тардың оқушылары 100 па­йыз жаңа үлгіде мектеп формасын киеді екен. Алайда, соңғы жылдары білім беру ұйымдары оқушылардың діни үлгіде киіну мәселесіне тап болып отырғанын айтты. Бірақ ел заң­дарында бұған қатысты нақты баптар барын еске салып, оған «Білім туралы» Заңның 3-бабын атады. Сол секілді білім беру мен тәрбиелеу жүйе­сі дін мен діни бірлестіктерден бө­лін­генін және зайырлы сипатта еке­нін еске салып, ол «Діни қызмет жә­не діни бірлестіктер туралы» Заң­да бекітілгенін де атап көрсетті. «Бұл – зайырлы сипаттағы мектептерде әлдебір дінді тікелей немесе жанама насихаттауға жол бе­рілмейді деген сөз. Осыған бай­ла­нысты 2016 жылдың 14 қаң­тарында Білім және ғылым министр­лігінің №26 бұй­ры­ғымен мін­детті мектеп үлгісі үшін бірыңғай талап қоятын ереже енгі­зіле бас­тады. Онда «Мемлекеттік бі­лім бе­ру ұйымдарында қолда­ныс­тағы заңнамаға сәйкес белгі­лен­ген ережелерді ұстану қажеттігі ай­тыл­­ған», деген Білім және ғылым ви­це-министрі қыздар мен ұлдарға ар­нал­ған киім үлгісін талдап беріп, діни атри­буттарды, киім және бас­киім үлгі­лерін киюге жол беріл­мейтінін, бұ­ған дейін де осы қағи­да болғанын қа­дап айтты. Әділет вице-министрі З.Бай­мол­дина Білім және ғылым министр­­лігінің бұйрығы заңға сай, мұнда еш­қандай құқық бұзушылық жоқ екенін атады. Әр азамат заң тала­бын бұлжытпай орындауы керектігін де тілге тиек етті. Жал­пы, Ата Заңымыздан бастап бар­лық құжаттарда азаматтардың құ­қы­ғы қорғалатыны тайға таңба бас­қан­дай жазылғанына нақты дәлел-дәйектер келтірді. Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин бүгінгі бала, яғни оқу­шы еліміздің ертеңі екенін, сон­дық­тан оларға тәлім-тәрбиені білім ұясында терең беріп, заң талаптарын үйретіп отыру тура жолдан тайғызбайтынын атады. Шынында, «Жігіттер, күн бол­ды ойланарлық... Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық», деп Шә­кәрім айтпақшы, барлығын ақыл­ға жеңдіріп заң аясында шешу қажеттігі қай-қайсымызды да ой­ландыруы тиіс. Әсіресе, ұл-қызы­ның ертеңінен үміт артқан ата-аналар түрлі киім үлгісіне емес, ұрпағының білім-білігін ойласа ұтылмас еді. Киім үлгісінің заңға сай болуы­ның тек мектепте ғана емес, жоғары оқу орындарына да қатысы бар кө­рі­неді. Бұрын білім ұяларында 5-6 оқушы діни үлгімен киінетін бол­са, соңғы кездері бұл 300-ден астам ұл-қыздың «еншісіне» тиіп­ті. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Етек жая берсе, білімге құштар ұр­­пақ сол білімнен қол үзіп қалуы да ғажап емес. Ендеше, білім беру, дін сала­сын­­дағы азаматтар, ата-аналар мен ұстаз­дар жұмылып ой-санасы әлі орны­ға қоймаған ұрпақты жолдан тай­дырып алмауға күш салып түсін­діру жұмыстарын жүргізулері тиіс. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»