• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №307, №564

482 рет
көрсетілді

  Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылғы 1 шілде №307 Астана қаласы 2016 жылғы 21 шілде №564 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1 тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы №146 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы №161-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4282 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдегі №132 (938) «Заң газеті» газетінде жарияланған): кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз:»; 2) «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы №31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы №116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №5186 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдедегі №7 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған)): кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз:». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қазақстан Республикасының Инвестициялар және экономика министрі _________ Қ. БИШІМБАЕВ даму министрі _______________ Ж. ҚАСЫМБЕК Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14150 болып енгізілді.