• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2016

Қатонқарағай ауданында «Алтын Алтай» туристік бағдары ашылды

518 рет
көрсетілді

 ШҚО Қатонқарағай ауданында Еуропалық одақтың «Алтын Алтай - біздің өңіріміздің байлығы» жобасы аясында «Алтын Алтай» бірегей бағдары ашылды. Бұл бағдар туристерге, туристік операторларға және саяхатты жан сүйетіндерге арналып жасалған және пайдалануға дайын.

ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, ақпараттық орталықтың ережесі бойынша, бір қонақ үйден екінші қонақ үйге, бір ауылдан екінші ауылға ауысып, жолай табиғи, мәдени және тарихи жәдігерлермен танысу мүмкіндігі бар. Көршілес орналасқан «Самай» (Өскеменнен 390 шақырым) немесе «Ясная поляна» қонақ үйлерінен Өріл ауылындағы «Исатай» немесе «Шәкәрім» қонақ үйлеріне келуге болады, ары қарай Вера Климованың омартасына немесе Қайыңды ауылындағы қонақ үйлер көрініп тұр. Әр қонақ үйдің өзіндік ерекшелігі бар және туристерге ұсынатын әртүрлі қызметтер жиынтығына ие. Одан бөлек, қонақ үй иелері атпен немесе жаяу серуен, Берел қорғандарына, Язевое көліне немесе Рахманов бұлақтарына радиалды экскурсиялар ұйымдастыра алады. Айтпақшы, журналистер мен туристік фирма өкілдері осы бағыттың алғашқы туристер тобы болды. Қонақ үйлер туристерге қонақ үй кешендеріне балама бюджеттік баға ұсынады. Сондай-ақ осы бағыт арқылы Қатонқарағай жерінде жылдан-жылға дамып келе жатқан марал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен, ата-бабалардың өмір салтымен танысуға мүмкіндік береді. Мұндай ұсынысты ешқандай «жұлдызды» қонақ үй бере алмайды.Жергілікті шеберлермен танысу ауыл туризмін дамытудың басты алғышарты және мұндай шығармашыл шеберлер Қатонқарағай ауданында бар.

Өскеменнен Үлкен Нарын ауылына келе жатып, Қайныш Мәнкейқызына, ал Еңбек ауылында Гүлнар Қожамжароваға қонаққа баруға болады. Шеберлер ежелгі қазақ өнері «кесте», шиден жасалған сәндік кілемшелер, киіз бен жүннен бұйым жасау бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді және қонақтарға кәдесыйлар тарту етеді. «Алтын Алтай» бағдары бойынша отбасымен табиғатта демалуды құп көретіндер, автокөлік, мотоцикл, велосипедпен саяхаттап жүргендер саяхаттай алады және оқушылар мен зейнеткерлерге танымдық тур өткізуге болады.