• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2016

Өскеменде жылы аялдамалар орнатылады

436 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы «Автобасқару» аялдамасында жылы павильон тұрғызу жұмыстары басталды, тағы бір жылыту кешені «Спорт сарайы» аялдамасында пайда болады, деп хабарлады YK-news.kz. «Кешеннің бір бөлігі жабық, бірақ жылусыз болады. Екінші бөлігіне жылу беріледі. Жылудан бөлек, бейнебақылау камералары орнатылады және Wi-Fi тарату да жоспарланған», - деді Өскемен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов. Сонымен бірге ол жылы аялдаманың электронды құлпы болатынын, түнгі он екіде автоматты түрде жабылатынын атап өтті. Және таңертең қоғамдық көлік жүре бастағанда павильон ашылады. Қала әкімшілігі қыс келгенше екі аялдама құрылысының да аяқталатынын жеткізді.