• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Халықаралық стандарттарға қарай батыл қадам

368 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексінің рейтингіндегі позициясын, оның ішінде «Аудит және есептілік стандарттарының жетілгендігі» көрсеткіші бойынша көтеруге ниеттенуде. Ол үшін Қазақстанда заңнамалық деңгейде ұйымдардың халықаралық қар­жылық есептілік стандарттарын қолдану бойынша міндеттері бекітілген. Сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сәйкес аудит жүргізіледі және кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау жүйесі жұмыс істейді. Алайда бухгалтерлік есеп және ау­ди­торлық қызметті реттеудің ұлттық жүйесін халықаралық тәжірибе мен ақпарат алмасусыз дамыту мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп, оны ұйымдастыруға және жүргізуге, бастапқы талаптарды әзірлеуге, қаржылық есептілікті құруға, аудиторлық қызметті ұйымдастыруға, сондай-ақ, ХҚЕС (халықаралық қаржылық есептілік стандарттары) және АХС-пен (аудиттің халықаралық стандарттары) аудит пен ұлттық есеп жүйесін үйлестіруге және жақындатуға қойылатын бастапқы талаптарды әзірлеу мәселелері бойынша  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында ТМД Атқару комитеті жанынан Үйлестіру кеңе­сі құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы минис­тр­лігінде 2016 жылдың 18-19 қаза­нында осы Үйлестіру кеңесінің XIII отырысы өтті. Отырысқа АССА реттеуші органдары­мен қарым-қатынастарды дамыту жө­нін­дегі директоры (Ұлыбритания, Лондон қ.) Шахрух Али Кхан, сондай-ақ, ТМД ел­де­рінің, оның ішінде, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз, Молдова, Ресей Федерациясының және Өзбекстанның 7 өкілі қатысты. Оты­рысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі бух­галтерлік есеп және аудиторлық қыз­метті реттеудің ұлттық жүйе­сінде өзге­ше­ліктердің болуына қара­мас­тан оларды дамытудағы басты бағыт­тар ХҚЕС және АХС-пен үйлес­тіруге сәйкес келетінін атап өтті. Бұл ТМД-ға қатысушы мемлекет­тер­дегі бухгалтерлік есеп және аудиторлық қыз­мет мәселелерін реттейтін уәкілетті орган­дардың Үйлестіру кеңесі шеңберіндегі белсенді және тиімді ынтымақтастығының арқасында мүмкін болып отыр. Қазіргі кезде Үйлестіру кеңесінің күш-жігері бухгалтерлік есеп саласындағы маман­дардың кәсіби біліктілігіне және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде оларды серти­фикаттаудағы тәсілдерге қойылатын үлгі-өнегелік талаптарын әзірлеуге, ауди­торлық ұйымдарды қадағалауды ұйым­дастыруға және жүргізуге ұсынымдамалар әзірлеуге бағытталған. Отырыс кезінде бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметті реттеу тиімділігіне, қаржы нарығының жұмыс істеуін жетіл­діруге жағдай жасауға және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шаруашылық жүр­гізу субъектілерінің қаржылық ақпара­тының салыстырмалылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін өзекті мәселелер тал­қы­ланды. Динара Бітікова, «Егемен Қазақстан»