• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

«Астана» сырт алаңда «Олимпиакостан» ұтылды

267 рет
көрсетілді

Қазақстан чемпионы «Астана» командасы 20 қазан күні Грекияның Пирей қаласында өткен Еуропа Лигасы топтық кезеңінің матчында жергілікті құрама «Олимпиакосқа» 4:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап. Енді елордалық клуб Грекияның «Олимпиакосын» 3 қараша күні сағат 21:00-де «Астана Арена» стадионында қабылдайтын болады. «Олимпиакос» (Пирей, Грекия) - «Астана» (Астана, Қазақстан) 4:1 (3:0) Голдар: Фигейраш 25 (1:0), Эльюнусси 33 (2:0), Себа 34 (3:0), Кабананга 54 (3:1), Себа 65 (4:1) Ескертулер: Ботия 27, Миливоевич 72 - Каньяс 44, Тағыберген 48, Кабананга 60, Шитов 77, Мужиков 80, Твумаси 85 Алаңнан шығару: Каньяс 58 «Олимпиакос» құрамы: Леали, Ботия, Миливоевич (Камбьяссо 73), Кошта, Фортунис (Бухалакис 79), Кардосо, Эльюнусси (Мантатис 69), Мартинш, Рецос, Фигейраш, Себа «Астана» құрамы: Эрич, Аничич, Тағыберген (Мужиков 63), Бейсебеков, Нөсербаев (Шитов 59), Твумаси, Малый, Логвиненко, Кабананга (Деспотович 72), Шомко, Каньяс Бас бапкер: Тобиас Штилер (Германия)