ШҚО Мақаншы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 23 шақырым жерде магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан Геофизикалық зерттеулер институтының Сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығы хабарлайды.
«2016 жылы 21 қазанда Астана уақытымен 3 сағат 38 минутта (Гривич уақытымен 20 қазан, 21 сағат 38 минут) ШҚО-да, Мақаншы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 23 шақырым, Талдықорған қаласынан 356 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Сілкініс ошағының координаттары: солтүстік ендік 46.69 градус, шығыс бойлық 82.30 градус. Магнитудасы mb=3,5. Энергетикалық классы K=8,0», - делінген хабарламада.