• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Терроризммен күресті күшейту үшін түркі тілдес елдер күш біріктірмек

264 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Иранның арнайы қызметтерінің басшылары бас қосты.

Бақылаушы ретінде Ресей, Украина және грузиялық мамандар шақырылған. Жиналғандар халықаралық лаңкестік ұйымдардың күш алғанына алаңдаушылық білдіріп, бұл ортақ проблема десті. Олардың жолын кесудің амалдарын қарады. Шараға қатысқан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов өзара кәсіби байланысты арттыру қажет деген ойын айтты, деп жазады «Хабар» арнасы.

«Халықаралық коалицияның соққыларына қарамастан лаңкестік өз өктемдігін жалғастыруда.Террорлық шабуылдар географиясы кеңеюде. Лаңкестер әрекеттерінің тактикасы мен әдістері  мың құбылуда. Интернет желілерінде лаңкестікті насихаттау ауқымы да кемімей отыр. ДАИШ атын жамылған басқа да топтар жаңа сыр-қатерлер тудыруда, оның ішінде конференцияға қатысушы елдер қосымша қаржы көздерін іздеуде. Осы үрдістің барлығы халықаралық, өңірлік қауіпсіздік жағдайына, мемлекеттеріміздің саяси тұрақтылығына тікелей ықпал етуде», - деп атап өтті ҚР ҰҚК төрағасы К. Мәсімов.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов болса, бұл жұмыстар жүйелі болуы үшін ортақ жоспар құрудың маңыздылығын атады.

«Әлемдік қауымдастық жүйелі жоспар құрып, бірлесіп жұмыс істесе, терроризммен күрес нәтиже береді. Бүгін өзара ықпалдастықты арттыра аламыз. Ол үшін маңызды ақпараттарды алмастырып, кәсіби тұрғыда тәжірибе бөлісуіміз керек. Әлемдік қауіпсіздік заманауи жұмыс жүйесін қажет етеді», - деді  ҚР Президентінің көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов. Шара 18 қазан күні өткен болатын.