• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Жыл басынан бері 25 мың мас жүргізуші ұсталды - Қасымов

268 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің жолдарында 25 мың мас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «25 мың мас жүргізуші ұсталып, өрескел заң бұзушылық жасаған шамамен 35 мың жүргізуші сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды. 3,5 мың құқық бұзушы әкімшілік тұтқындауға ілікті», - деді Қасымов. Оның деректеріне қарағанда, осы жылдың басынан бері шамамен 2 миллион жол қозғалысы ережесін бұзу әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Мұнан бөлек, қауіпсіздік белдеуін тақпау, ұялы телефонды пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау жұмыстары біршама күшейтілген.