ҚР ҰБ жүргізуін жалғастыратын теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясаты белгіленген бағам кезінде болуы мүмкін теңгерімсіздіктің жинақталуының уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді.
Ол сол сияқты отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл жайлы бүгін ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Д.Ақышев Өскеменде «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде хабарлады.
Ол теңгенің еркін бағамының саясаты елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға ғана емес, оларды қалпына келтіру процесін бастауға да мүмкіндік берді деп атап өтті. «Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері қыркүйектің соңында 31,4 млрд. доллар болды. Жыл басынан бері ол 3,5 млрд. долларға өсті. Ұлттық қордың валюталық активтері 64,4 млрд. долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,8 млрд. долларға жетті», - деді
Д. Ақышев.