• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Неміс балалары қазақ халық ертегілерін оқып жүр

692 рет
көрсетілді

Der Zaubergarten деген атаумен неміс тілінде 1982 жылы басылып шыққан қазақтың халық ертегілері Берлиндегі Vivantes деп аталатын медициналық орталықтың балаларға арналған ойын бөлмесінде тұр. Орталыққа емделуге келген балалар оқысын деп қойып қойған. Кітаптың шыққан жылына қарағанда, Германия ГДР және ГФР болып екіге бөлініп тұрған кезде жеткен. Бірақ немістердің қандай затқа болсын ұқыптылықпен қарайтыны осы кітаптан да көрініп тұр. Аса қатты ескіре қоймаған. Мазмұны тіпті бай. Ішінде басым көпшілігін өзіміз де ұмытып қалған небір қызықты ертегілер бар. Мысалы, «Күнікей сұлу» (Күн астындағы Күнікей), «Сиқырлы бақ», «Апалы-сіңілі үшеу», «Жас батыр мен жалмауыз», «Қадырдың бақыты», «Әуез ханның қырық ұлы» сияқты бүгінде көп кездесе бермейтін ертегілер осы кітапта жүр. Қазақта ғана кездесетін атау сөздер мен ұғымдардың немісше түсінігін де берген. "Егемен-ақпарат"