• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Ермекбаев Ақтөбе жастарына діни білімді мешіт имамдарынан алуды ұсынды

323 рет
көрсетілді

2016 жылғы 20-21 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен. Сапар барысында Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаевпен болған кездесуде өңірдегі діни ахуал және осы саланы реттеуде мемлекет тарапынан іске асырылып отырған шаралар, өңірлік деңгейде азаматтық қоғам институттарын қолдау және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда қолғабыс ету мәселелері талқыланды. Үкіметтік емес ұйымдармен өткен кездесу барысында Н.Ермекбаев қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі «үшінші сектор» институттарының рөліне тоқтала отырып, оларды өңір тұрғындары, соның ішінде жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шараларына белсенді қатысуға шақырды. Ол осы ретте жергілікті атқарушы органдарды әкімдердің халықпен есептік кездесулері кезінде тұрғындар тарапынан айтылған әлеуметтік өтініштерін, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткізілген қоғамдық сараптамалардың қорытындыларын, сондай-ақ өңірде өткізілетін «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» нәтижелерін ескере отырып өз бюджеттерін, әсіресе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыптарын қалыптастыру қажеттілігіне назар аударуға шақырды. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттермен өткен кездесуде ведомство басшысы жастардың әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар тудырудағы мемлекет тарапынан іске асырылып отырған жүйелі қолдауларға тоқтала отырып, оларды әртүрлі деструктивті ағымдардан сақтануға шақырды. Діни білім алу үшін мешіт имамдарына жүгінуді ұсынды. Министр осы күні Ақтөбе облысының Алға ауданына іссапармен барып, «Ақтөбе» медресесінің қызметімен танысты. Министр 21 қазанда «Аңсар» ақпараттық-ресурстық орталығының қызметімен танысып, өңір теологтарымен және мешіт имамдарымен кездесті. Кездесуде мемлекеттің зайырлылығының конституциялық қағидаттарын сақтаудың және күшейтудің қажеттілігі баса айтылды. Сапар қорытындысы бойынша жергілікті деңгейде радикалдық ағымды ұстанушалар мен олардың отбасы мүшелерін дерадикалдандыру мен оңалтуға бағытталған өңірлік бағдарламаны қабылдау арқылы осы бағыттағы жұмыстардың пәрменділігін арттыру бойынша кешенді шараларды қабылдау, өңірдегі  мешіттерге білікті теологтарды тарту мәселелерін шешу ұсынылды. Министрліктің Дін істері комитеті тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстары шеңберінде 2016 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысында 1750-ден астам іс-шаралар өткізіліп, онымен 54 мың адам, соның ішінде түзеу мекемелерінде жазаларын өтеуші 1300 азамат қамтылған. Жұмыс сапарында өңірдегі Дін істері басқармасы мен Жастар істері басқармасына нақты тапсырмалар берілді.