• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Қазақстанда РФ ІІМ арнайы өкілінің тағайындалуы қалыпты тәжірибе

271 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанда жақында Ресей ІІМ арнайы өкілінің тағайындалуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шын мәнінде осы тақырып айналасындағы дүрлікпені түсінбеймін. Бұл қалыпты, яғни кеңінен тараған тәжірибе. Түрлі арнайы органдардың өкілдері әрбір елдегі елшіліктер жанында жұмыс істейді және ҚР ІІМ өкілі Ресейде бар. Сондай-ақ өзге арнайы органдардың өкілдері шетелдегі біздің елшіліктер штатында ресми түрде жұмыс істеуде. Осы ретте ақылға қонымсыз пікір жасамауға шақырамын»,-деді Василенко тілшілер сауалына жауап беру кезінде. Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда Қазақстандағы Ресей ІІМ өкілі тағайындалды. Осы ретте Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің өкілетті өкілі қызметіне полиция полковнигі Гир Андрей Вон-Менович бекітілді.