• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Салған мешітінің ақшасын ала алмай жүр

265 рет
көрсетілді

Кәсіпкер Болат Әбдібеков үшін мешіт жыры  өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан басталды.  «Құралай» компаниясы жергілікті атқару органдарының  сұрауымен  Арқалықта, Амантоғайда және Торғай кентінде  мешіт тұрғызған болатын. Тапсырыс берушілер  құрылыс компаниясының ақысын  түгел төлей алмайды.  Кәсіпкер сотқа беріп, жеңгенмен,  оның қолына ақша тимейді,  мешіттердің   иесі болып қала береді. Міне, 16-17 жыл бойы кәсіпкер өзінің құрылысқа жұмсаған ақшасын қайтып ала алмай жүр. Бұл туралы кәсіпкер жергілікті «Костанайские новости» газетіне берген сұхбатында  айтқан. Кәсіпкердің айтуынша, Арқалықтағы мешіт 150 миллион теңгеге, Амантоғайдағы мешіт 50 миллион теңгеге, ал Торғайдағы мешіт 31 млн 500 мың долларға бағаланған. Ол мешітті күзетумен шаршағанын, егер алатын адам болса бағасын түсіруге дайын екенін айтып отыр. Ал мешіттерді бұзып, құрылыс материалына жарату күнә деп санайды. Нәзира Жәрімбетова Қостанай облысы