Петропавл қаласында «Болашақ» атты жедел-сауықтыру шарасы өтті, деп хабарлайды egemen.kz Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 күннің ішінде тәртіп сақшылары 1400-ден астам мемлекетке қарыздар азаматтармен кеңес жүргізді. Сауықтыру шарасының нәтижесінде жалпы сомасы 4,4 млн теңге болатын 450 айыппұл төленді. «Борышкер» шарасының барысында берешек азаматтардың жұмыс орындарына құны 1,5 млн теңге болатын әкімшілік айып салу туралы 140 қаулы жіберілді, 4 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері салынған айыппұл заңда рұқсат етілген 30 күннің ішінде төленбейтін болса, ол қарыз мәжбүрлі түрде алынатындығын ескертеді. Мұндай жағдайда айыппұл қарыздарын азаматтар 25 пайыз қосымшамен төлейді.