• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Илья Ильиннің медаліне қатысты шешім əлі шықпады

278 рет
көрсетілді

ХОК Илья Ильиннің және қазақстандық тағы 4 зілтеміршінің медальдарына қатысты әлі шешім шығармады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми өкілі Жігер Азбергенов айтты. «Қазір үш зілтемірші қыздар мен Тигиевке қатысты шешім келді. Енді қалған споршыларға қатысты шешімді күтіп отырмыз», - деді Азбергенов. Жақында допинг сынамалары оң нәтиже көрсеткен 5 зілтеміршіге қатысты шешім шығады. Олардың қатарында Илья Ильин, Мария Грабовецкая, Ирина Некрасова, Владимир Седов жəне Алмас Өтешов бар. Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильиннің екі Олимпиада сынамасы оң нәтиже көрсеткен еді. «Спортшылар Швейцарияның Лозанна қаласындағы Спортты арбитражды сотқа шешім шыққан соң 21 күннің ішінде аппеляция бере алады», - деді  Жігер Азбергенов.