• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Дархан Кәлетаев Сенат депутаты болып тағайындалды

305 рет
көрсетілді

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Д.Кәлетаев 2003 - 2008 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. 2008 жылдың қазан айында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2009 жылдан бастап бүгінге дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында басқарушы директор  қызметтерінде болды.