• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Қазақстан туристеріне шұғыл көмек көрсететін қор жасақталады

261 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Туристік қамқор» корпоративтік қоры ел азаматтарының сыртқы туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесін қолға алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Туроператорлар одағының атқарушы директоры Инна Рей мәлім етті. Оның айтуынша, енді сыртқы туризм саласында қызмет ететін туроператорларға және әуе кемесін жалдайтын туроператорларға бірқатар міндеттемелер жүктеледі. Мәселен, олар нарыққа мониторинг жүргізіп, уәкілетті ұйымға ақпарат ұсынып отырады, туристерге арналған жедел байланыс желісін ашып, туристер мен туристік компанияларға кеңес береді. Сондай-ақ әр турдан бөлек қаржы жинап, шетелдегі Қазақстан туристеріне шұғыл көмек көрсету үшін қор жинақтайды. Арнайы шотта жиналған қаражат туристерімізді шетелден қайтару мәселесі туындаған кезде пайдаланылатын болады. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан"