• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Астана театрлары үздік атанды

1001 рет
көрсетілді

Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Жастар театрының» ұжымы Орталық Азия мемлекеттерінің VI Халықаралық театрлар фестивалінде жеңіске жетті. Фестиваль 24-27 қазан аралығында Талдықорғанда өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Өзбекстанның үздік ұжымдары қатысты. Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясын қойып, Гран-при иеленді, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі. Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері - Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған - «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева. Сондай-ақ, сахна төрінде «Қаллеки» театрының әртістері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері - Кеңес Нұрланов, Қуандық Қыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Сырым Қашкабаев және т.б. өнер көрсетті. Ал елордалық «Жастар» театрының ұжымы бұл фестивалде бірінші орын алды. Театр актерлары Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымын көрсетті. Спектакльдің қоюшы режиссёрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай болды.