• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының қола жүлдесін алады

263 рет
көрсетілді

Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz Халықаралық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап. 2012 жылғы Олимпиадада Нұрмұхамбетова 69 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды. ХОК 3-ші және 4-ші орын алған белоруссиялық зілтеміршілер Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновецті допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты шеттетті. Осылайша қола медаль қазақстандық спортшыға бұйырды. Осыған дейін қарсыластарының допинг пайдаланғаны үшін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың қола медаліне ие болды.