• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Қазақстандық делегация халықаралық конгреске қатысты

283 рет
көрсетілді

ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы И. Рогов бастаған қазақстандық делегация Түркияның Стамбұл қаласында құқықтану саласы бойынша өткен халықаралық конгресске қатысты. Конгрестің ашылу салтанатында Түркия Президенті Р.Т.Эрдоган, Түркиянің әділет министрі Бекир Боздаг, Әзербайжанның әділет министрі Фикрет Маммадов, Ауғаныстанның әділет министрі Басир Хайдари, Сомалидің әділет министрі Абдуллахи Ахмед Жама сөз сөйлеген болатын. Жалпы халықаралық жиынға 47 елден 200-ден астам делегат, соның ішінде Конституциялық Кеңестердің төрағалары мен мүшелері, прокуратуралар, адвокатуралар, әділет академияларының басшылары, мемлекеттік органдардың, академиялық және бизнес ортасының өкілдері қатысты. Конгресс шеңберінде 21 отырыс өткізілді. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолин, Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы Ғ.Нәсірдінов, Жоғарғы Сот жаныныдағы Сот төрелігі академиясының ректоры М. Бейбітов баяндама жасады. Конгресс қорытындысы бойынша, лаңкестіктің барлық ел үшін ең бірінші қауіп екені айтылды. Лаңкестікке қарсы тұру халықаралық ынтымақтастықты талап ететініне, лаңкестікпен күресті жүргізу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шегінде жүзеге асырылуы тиістігіне мән берілді. «Осыған байланысты барлық елде сот және құқық қорғау органдары араларында бірқатар қылмыстар түрлеріне лаңкестікті, киберқылмысты (ақпараттық технологиялар саласындағы қылмысты) қаржыландыруға, есірткі заттары саудасына, адам саудасына қарсы іс-қимыл жасауда ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті үйлестіруді күшейту ұсынылды», - делінген Астана қалалық соты таратқан баспасөз баянында.