• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Қазақстан-Корея мұрағатшылары меморандум жасасты

376 рет
көрсетілді

Сеулде Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Борис Жапаров пен Корея ұлттық архивінің Президенті Ли Сан Джин қазақстандық және кореялық мұрағатшылардың ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды egemen.kz 24.kz - ке сілтеме жасап. Бұл құжатқа сәйкес екі мемлекеттің архив қызметкерлері тәжірибе алмасып, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Сапар барысында қазақстандық тарап Корея Президентінің архивін аралады. Онда Кореяны басқарған он бір басшы туралы құжаттар мен олардың жеке заттары қойылған. Он екінші Президент Пак Кын Хе туралы деректер ол өз өкілеттігін тапсырғаннан кейін пайда болады. Сондай-ақ архивте Нұрсұлтан Назарбаевтың Кореяның экс-Президенті Но Му Хёнге 2004 жылы табыстаған сыйлығы да бар.