Нью-Йорктағы БҰҰ штаб-пәтерінде ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды egemen.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Бұл шараға келген меймандар қазақтың мол дастарқанынан дәм татып, тамсанып қайтты. Шетелдік қонақтар Қазақстанға деген қызығушылықтарының басым екенін айтады. Ұлттық тамақ түрлерін меймандарға отандастарымыз барынша дәмді әрі әдемі қылып дайындаған.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун фестиваль қатысушыларының барлығын құттықтады. Әр ұлттың тағамынан дәм татқан мәртебелі мейман Қазақстан дастарқанына ерекше көңіл бөлді. Ұлттық нақышта киінген Аруана мен Азамат есімді бүлдіршіндермен тілдескен Бас хатшы отандастарымыздың дайындығына жоғары баға берді.