• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Франция қазақстандықтар үшін визасыз мүмкіндіктерді қарастыруда

375 рет
көрсетілді

Франция қазақстандықтар үшін визасыз мүмкіндіктерді қарастыруда. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан  облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен бастаған делегацияның кездесуінде сөз болды, деп хабарлайды egemen.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елші  Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жыл сайын дамып келетінін айтып, туризм, индустрия және білім саласында әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді. Екі ел арасында виза ұзақтығы 15 күн болса, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 күнге ұзартылатынын да айтты. Оның сөзіне қарағанда, Францияға қысқа уақытқа келуші қазақстандықтар үшін  визасыз мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Ал облыс әкімі мектеп пен жоғары оқу орындарының мұғалімдерін Францияға тәжірибе алмасуға жіберу жайын қарастыратынын айтып, Қазақстан мен Франция күндеріне байланысты француздық тауар өндірушілердің көрмесін ұйымдастыру мәселесін қозғады.