Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін талқылады.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украина мен Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ, алдағы кездесулердің кестесі қарастырылды.