• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2016

Алғашқы кездесуде Жұман Жұмабеков нокаутпен жеңді

461 рет
көрсетілді

«Алматы-Арена» спорт сарайында қазір ғана кәсіпқой бокс кеші басталды. Алғашқы кездесуде Қазақстан боксшысы Жұман Жұмабеков беларусь Владимир Ивановпен бокстасып, бірінші раунда жеңіске жетті. Ивановтың соққыларға жауап бере алмауына байланысты төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Жұмабековтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі болатын. Одан кейін әуесқой бокстағы үлкен жеңістерге жеткен Айдар Шәрібаев 6 раундтық рейтингтік жекпе-жекке көтерілді. Бұлардан басқа бүгін рингке Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаевтар шығады. Ал кездесудің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен WBO Intercontinental чемпиондығы үшін айқасқа түседі.
Соңғы жаңалықтар