• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2016

ОПЕК мұнай өндірісін шектеу мәселесін қарашада талқылайды

267 рет
көрсетілді

ОПЕК ұйымының келесі арнайы комитетінің мәжілісі 25-26 қарашада өтеді. Бұл туралы журналистерге Әзербайжанның энергетика министрі Натик Алиев айтты, деп хабарлайды egemen.lz utro.ru сайтына сілтеме жасап. «Мен бұл кездесулердің нәтижесіне өте разымын. Мен оған өте қуаныштымын. Біз енді қарашаның 25-26 күндері өтетін кездесуге дайындалып жатырмыз. Бұл сарапшылар тобы», - деді журналистердің сауалдарына жауап берген министр. «Біз нарықта қандай да бір нәтижелердің немесе өзгерістердің болғандығына қарамастан кездесулерді тұрақты өткізе береміз. ОПЕК ұйымының келесі кездесуі 25-26 қарашада өтеді»,- деді ол. Айта кетейік, жұма күні Венада ОПЕК ұйымының арнайы комитетінің бірінші мәжілісі өтіп, онда Алжирде келісілген мұнай өндіру көлемін тәулігіне 32,5-33 млн баррельден асырмау туралы келісімді орындауға байланысты мәселелер сөз болды.