Өткен жылы пайдалануға берілген ұзақтығы 214 км құрайтын Арқалық-Шұбаркөл қатынасы тасымалдың ара қашықтығын Орталық Қазақстаннан солтүстік өңірлерге орта есеппен 550 км және тасымалдау уақытын 1,5-2 тәулікке қысқартты. Сәйкесінше, осы бағыттағы қазақстандық жүк жөнелтушілердің көліктік шығындарының қысқаруы орташа есеппен 30% құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.
Министрдің хабарлауынша, жол көлік қатысанысындағы, физикалық тосқауылдарды жою үшін соңғы бес жылда 5 мың км автожол қайта құрылымданды, оңтайлы магистральдық желіні қалыптастыратын, темір жол желілерінің пайдаланатын ұзындығы 1 703 км ұлғайды, модернизациялауды талап ететін 8 әуежайдың 4-уі толығымен реконструкцияланды, Ақтау теңіз портының өткізу қабілеті 20 млн. тоннаға дейін ұлғайды.