• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

«Нұрлы жолдың» көлік-логистика жобалары 75 мың жұмыс орнын қамтыды

356 рет
көрсетілді

«Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарлар бүгінгі күні «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылады. Бағдарламада салаға қатысты 16 жоба көзделген, олардың негізгі үлесінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жұмыстары көзделген. «Нұрлы жол» бағдарламасындағы жобалардың 11-і автомобиль жолдары саласында, 2-еуі темір жол саласында, су, азаматтық авиация және логистика саласында 2 жоба бар», деді бүгін Үкімет отырысында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөнінде баяндаған Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек. Жұмыс «Батыс ЕуропаБатыс Қытай», «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Алматы), «Орталық-Шығыс» (Астана-Өскемен), Орталық-Батыс (Ақтөбе-Атырау-Ақтау), Алматы-Талдықорған, Астана-Петропавл жобаларында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарламаның жобаларын жүзеге асыру әлеуметтік маңызға ие. Бүгінгі таңда 75 мың жұмыс орны құрылды. Автожолдардың құрылысы барысында жергілікті қамтудың деңгейі 95% құрайды.