• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көбейеді

353 рет
көрсетілді

Кен орындарын барлауға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту мәселесі Инвестициялар және даму министрлігінде қаралып жатыр, деп хабарлайды egemen.kz 24.kz - ке сілтеме жасап. Құзырлы орган басшысы бұған қазынадан қаржы сұрамаймыз деп отыр. Керісінше, қолданыстағы кейбір бағдарламалар маңыздылығына қарай сараланып, геологиялық барлауға басымдық беру көзделеді. Министрлік алдымен барлау жұмыстарын өткізіп, кейін дайын жобаларды трансұлттық компанияларға ұсынуды жоспарлап отыр. Дәл осы жаңашылдықтар енгізілген жер қойнауы туралы кодекс жобасы келер жылы Парламент қарауына ұсынылады. "Барлау жұмыстарына кететін шығынның 10%-ын мемлекет көтеріп, қалған 90%-ын ірі компаниялар өз мойнына алса, онда біз кен орындарын инвесторларға нарықтағы бағамен саудалай аламыз. Бүгінгі таңда «Қазгеология» компаниясымен бірлесе жұмыс жасап жатқан 7 ірі трансұлттық компания бар. Бұл мәселе сол компаниялармен келісе отырып шешілуде. Сондықтан біз геологиялық барлау жұмыстарының ең бастапқы кезеңдерінде мемлекеттік қаржыландыруды арттыруды қарастырып жатырмыз", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.