• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Германия сарапшылары өндірістік технологияларды енгізу әдістерін ұсынды

633 рет
көрсетілді

Астанада өткен «Индустрия 4.0 және өндірістегі өлшемдер" атты семинарда германиялық сарапшылар алдыңғы қатарлы өндіріс технологияларын енгізудің жаңа тәсілдерін ұсынды, деп хабарлайды egemen.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырған шарада Германияның Федералды физико-техникалық институтының "Өндірістік метрологияны дамытуға ықпалдасу" жобасы аясында «Индустрия 4.0» деңгейі қарастырылды. Ол өндірісті тек машина мен адам арасында ғана емес, машиналардың өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асыруды көздейді. "Ұлттық метрологиялық институт Германиядағы өлшемдер дәлдігін қамтамасыз етеді. Ол экономикалық өнімділіктің тиімділігін арттырып, инновациялар мен жаңа технологияларды дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар әдістеме мен инфрақұрылым саласындағы халықарлық серіктестіктер орнатады. Бұл жұмыстың мақсаты - әлемдегі өлшемдердің бірізділігін қалыптастыру, әріптес елдерде, соның ішінде Қазақстанда экономикалық дамудың тұрақтылғын қамтамасыз ету. Сапа үшін маңызды элементтер - өндіріс метрологиясы және стандарттау", - деді Германиядан келген коориднатор Коринна Вайгельт.  

Сонымен қатар семинарда Фраунхофер атындағы өндірісті автоманттандыру институтының маманы Кристиан Тойч сөйледі. Ол қазақсатандық мамандарға Германия тәжірибесі мен оның негізгі ерекшеліктері туралы айтты.

Осындай шаралар отандық кәсіпорын өндірістеріне жаңа технологияларды енгізуге қажетті құқықтық база жасауға септігін тигізе алады.