• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2016

Дін істері министрі ЕО-ның еліміздегі басшысымен кездесті

295 рет
көрсетілді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеамен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында Н. Ермекбаев 2015 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған Астанада ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімге баса назар аударды. Министр ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы айта келе, министрлік мемлекет пен діни бірлестіктер, азаматтық қоғам арасындағы әріптестік және өзара түсіністік қатынастарды дамытуды қамтамасыз ететінін айтты. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы, олардың дамуы үшін өзге де қолайлы жағдайларды жасау жөнінде хабарлады. Қазақстанда ортақ әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселесін пысықтауды, консультациялар жүргізіп, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қолдау шараларын қолдануды ұсынды. ЕО өкілдігінің басшысы Қазақстанда өңірлік ынтымақтастық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Өз жоспарларымен бөлісіп, министрлікпен өзара іс-қимылды дамытуға ниетті екенін айтты. Қорытынды бойынша азаматтық қоғамды дамыту мен азаматтардың құқығын діни сенім бостандығымен қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.