• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2011

6-7 наурыз күндері футболдан Қазақстан чемпионаты басталды

478 рет
көрсетілді

Таза жеңіс Бұл күндері матчтар Ордабасы» – «Тобыл», «Шахтер» – «Қайсар», «Локомотив» – «Жетісу», «Восток» – «Қай­рат», «Ақтөбе» – «Атырау», «Тараз» – «Ертіс» командалары ара­сында өтті. Бірінші турдың ойындарында 9 гол соғылды. Бар­лық ойындар «құрғақ» же­ңіс­пен бітті. Онда маусымның алғашқы го­лын өз алаңында Қостанайдың «То­был» клубын қабылдаған «Ордабасы» ко­ман­­дасының ша­буыл­шысы Азат Нұр­ғалиев соқты. Ол есепті 33 ми­нөтте аш­ты. Ал тараздық қорғаушы Данияр Мемшевич 15 минөтте өз қақпасына гол са­лып, алғашқы автоголдың авторы атан­ды. Осы турда 3 голды ұлттық құрама­ның ойын­шылары соқса, ойыншы­лар­ға 21 ескерту қағазы көр­сетілді. Соның ішін­де «То­был» мен «Ер­тістің» ойын­шы­­лары 10 рет тәртіп бұ­зып, әрқайсысы бес-бестен сары қағаз ал­ды. Осыған қарап матчтың қы­зық­ты және тартысты өт­ке­нін көруге болады. Дегенмен, басқа да ойындардың қызықты өтуі­не байла­ныс­ты бұл турдағы болған орта­лық ойынд­ы айту қиын. Тек «Жетісудің» Ас­танаға келіп, «Локомотивті» жең­гені бол­маса, бас­қа сенсация деуге тұрарлық еш­т­еңе бол­ған жоқ. Со­н­ың ішінде был­тыр­ғы чемпион «Тобыл» мен супер­кубок­ты иелен­ген «Локомотив» алғашқы ойын­дарын жеңі­ліс­тен бас­­таса да сенсация деуге бол­май­тын сияқ­ты. Тағы бір айта­тын нәрсе, осы тур­дағы «Шахтер» мен «Қай­сар» ара­сын­дағы кездесу Қара­ған­­ды ала­ңы­ның Қа­зақ­­стан футбол фе­дерация­сы­ның та­лаптарына сай кел­ме­гендіктен Астанада өтті. Мұн­дай жағ­дай екін­­ші турда да қайта­ланатын бола­ды. Яғни, «Аты­рау» мен «Шахтер» арас­ындағы матч Аты­рау­дағы ауа райы­ның қолайсыздығына бай­ла­нысты Аста­на­ға ауысты­ры­лады. Сөй­тіп, «Шахтер» екінші ойын­ды да сырт алаңда өткізуге мәж­бүр болып отыр. Жалпы, бірінші турдың ойындары мы­надай нәтижемен аяқталды. «Ор­да­басы» – «Тобыл» – 1:0. Қажымұқан атын­­дағы орталық стадионда өткен бұл кездесуге 3 500 адам жиналды. Қазір шым­кент­тік команданың құра­мына Фархатбек Ырыс­метов пен Азат Нұрғалиев қайтып келді. Сол Азат, жо­ғарыда айт­қаны­мыз­дай, кездесудің 33 минөтін­де чемпио­нат­тың алғашқы го­лын соқты. Ал «То­был­дың» бұл жеңі­лі­сі кездейсоқ деп айта ал­май­мыз. Қос­танайлықтар алғашқы матчта жеңілгені­мен, жаңа маусымда чем­пиондық атақты қорғауға тас-түйін дайын тұр. Бас бапкер Равиль Сабитовтің айтуын­ша, командада кадр мәселесі жоқ. Команда жа­ңар­тылып, жаңа ойыншылар алынды. Қа­зір солардың ішінде тек бос­ниялық форвард Бекрич қана еңбек виза­сын алма­ған­дықтан ойнай алмай жүр. Ал басқа­лары команда сапында да­йындалуда. «Локомотив» – «Жетісу» – 0:2. Бұл ойынды «Ас­тана-Арена» стадионына келген 2 500 адам та­ма­­шалады. Матчта гол­ды Серікжан Мұжықов пен Сергей Ос­тапенко соқты. «Жетісудың» бас бапкері Ас­қар Қо­жа­бергенов кездесу соңында өткен бас­па­сөз мәслихатында шәкірт­тері­нің өнеріне риза екенін, қорғаушылар Ақ­жол Серікжанов пен Захар Коробовтың матч­қа қатыса алмаса да басқа ойын­шы­лардың жақсы  қорғанып, ұтымды ша­буыл­­­дар ж­а­сай алғанын атап өтті. «Темір­жол­шы­лардың» бас бапкері Холгер Фах болса, ойынға Андрей Кар­по­ви­чтің «Тобылмен» ел супер­кубогы үшін өткен соңғы ойында ауыр жара­қат алғанына байланысты қатыса алмағанын, ол енді бір ай бойы жара­қа­тын емдейтінін айтты. Ал ойын ту­ралы ол қар­сыластарының жеңіске деген құлшыны­сын бағалайтынын жеткізді. «Восток» – «Қайрат» – 1:0. Кездесуде жал­ғыз доптың авторы Саша Добрич атан­ды. Өскеменнің «Восток» стадио­нын­да 1 300 жанкүйердің көз ал­дында өткен бұл матчта жергілікті команда жеңіс­ке жету үшін бар күш-жігерін сал­ды. Ко­ман­даның бас бап­кері Вахид Ма­су­дов та «та­мағы ауыр­­­ған­ша» алаң­ның жиегінде тұ­рып, ойын­шы­ла­рын қай­рау­мен бүкіл уа­қы­тын өткіз­ді. Жал­пы, қазір жан­күйерлер арасын­да мы­на­дай әң­гіме жүр. Маусым бас­та­лар алдында об­лыс әкі­мі Бердібек Сапарбаев команда құра­мы­мен кездесіп, егер олар «Қай­ратты» жеңсе, футболшылар 1 млн. теңге көле­мін­де қо­сымша үстемақы ала­ды деп уәде берген кө­рі­неді. Ал «Восток» коман­да­сында ал­ғаш­қы гол­дың ав­торы атан­ған ойыншыға қосымша 100 мың теңге сый­ақы таға­йындалатын бо­лып­­ты. Енді Саша Доб­ричтің үстем­ақы­мен бірге қосымша сый­ақы да алатын түрі бар. «Қайратқа» келсек, бұл кездесуге иы­ғы­на алған жарақатына байланысты Руслан Балтиев қатыса алмады. Жал­пы, ал­матылықтар биылғы мау­сымда алтылық­қа енуді көздеп отыр. Егер бұдан да жақ­сы ойнайтын болса, үштікке ілігіп УЕФА жарыс­тарына қатысудан да кет әрі емес. «Тараз» – «Ертіс» – 0:1. Тараздықтар бірінші тур­да «Локомативтен» кейін өз алаңында жеңілген екінші команда бол­ды. Сөйтіп, «Жастар» стадио­ны­на жи­нал­ған жанкүйерлердің алғашқы үш ұпай­­ды өз алаңымызда аламыз ба деген үміті ақтал­ма­ды. Былтыр Воит Тал­ғаев­тің шәкірттері керекуліктермен үш рет кездесіп, тағы бір рет Қазақстан кубогы үшін жарыста жеңіске жеткен болатын. Енді «Ертістен» айласын асыра алмай ұтылып отыр. Бұл ойында көзге түскен бір футболшыны айтуға болады. Ол биылғы маусымда «Ертіске» керегі бол­май қалған «Тараздың» қорғаушысы Вячеслав Соболев. Бүкіл ойын бойы ол Павлодардан кеткеннен кейін қарсы­ластарына қарсы жанын аямай ойнады. «Ақтөбе» – «Атырау» – 2:0. Бұл көрші өңірлердің кездесуі әдеттегідей тартысты өтті. Статистикаға қарасақ, екі клубтың арасындағы ойындардың бәрін­де көп голдар соғылады екен. Соған қа­рап, көр­ші жатқан облыс­тар­дың ара­сын­да бір бәсекелестіктің бары байқа­ла­ды. Қазір айтары жоқ, бұл бәсекеде «Ақтө­бе­нің» аты озып тұрғаны сөзсіз. Осы жолғы кездесуге «Ақтөбе» то­лық құраммен шықты. Ал «Атырау» са­пында біраз өзгерістердің жасалғаны кө­рі­ніп тұр­ды. Пірәлі Әлиев, Руслан Са­қал­баев сияқ­ты ойыншылардың орны­на жаңа фут­бол­шы­лар ойнады. Бұл жерде кезінде Мәс­кеуд­ің «Спартак» ко­ман­да­сын­да ой­на­ған тәжік бапкері Ра­миз  Ма­медовтің легионерлерге ар­қа сүйей­тінін аңғару қиын емес. Оған арген­ти­налық қорғаушы Леон Игнасио, голлан­диялық Хавбек Кираның команда құра­мы­на қо­сылғаны дәлел бола алады. Бірінші турдың ең соңғы ойыны 7 наурыз күні «Шах­тер» мен «Қайсар» командалары арасында өтті. Кездесу 2:0 есебімен алғашқылардың пайдасына шешілді. Бұл ойында «Тобылдың» бай­қауы­нан өтпеген Рашкович пен Дос­ма­ғанбетов гол соқты. Осы ойында қара­ғандылық команда биылғы мау­сым­да алтылыққа ену үшін күш салатынын көрсетті. Ол үшін команда құрамына лит­валық Хавбек Вичюс, босниялық Джидич, ша­буылшылар Андрей Финонченко, Мақсат Байжанов, Қанат Әлиев, Қайрат Өтебаев, Вячеслав Эрбес ша­қырылып отыр. Келесі тур 12 наурыз күні өтеді. Дастан КЕНЖАЛИН.