Аудан бойынша жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі өнер байқауы биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр. «Тәуелсіздік – ер мұраты, ел арманы» деген тақырыппен басталып кеткен бұл байқаудың басты мақсаты тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді насихаттай отырып, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту болып табылады.
Байқау барысында әр ауыл, әр мекеме 20 номинация бойынша сайысқа түсуде. Байқау өтетін күні сол ауылдың күшімен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде. Дәстүрлі байқауға оннан астам ұжым қатысуда. Қасқабұлақ, Құндызды, Архат және Қарауыл ауылдары өнер сайысында да, жәрмеңке өткізу жөнінен де жұртшылық көңілінен шығып үлгерді.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.