• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2011

Тәлімі мол акция өтті

349 рет
көрсетілді

Көктемнің алғашқы күндерінің бірінде аудан орталығы – Қарауылда Тәуел­сіздіктің 20 жылдығы аясында «Туған жерге тағзым» деген тақырып­пен тәлімі зор акция өткізілді. Оған ұлылар елінен қанаттанып ұшқан есімі елге белгілі кәсіпкерлер шақырылды. Жиын басында аудан әкімі Ержан Сүлеймен сөз алып, қонақтарды аудан тынысымен таныстырды және кәсіп­кер­лерді туған жерді өркендетуге шақыр­ды. Осы мақсатпен «Қамқорлық» және тағы басқа қорлар ашылды. Соған орай бірінші болып үн қатқан Абай ауда­ны­ның құрметті азаматы Амантай Мұқа­таев ұлыларға қатысты қасиетті орын­дарды жаңғыртып, жөндеу мақ­сатына деп 1 миллион теңге қаржы аудара­тын­ды­ғын мәлімдеді. Бұл игі бастама басқа  азаматтар тарапынан да қолдау тауып жатты. Тәлімді акция соңы «Қаламқас» халық ансамблінің тамаша ойын- сауығына ұласты. Шығыс Қазақстан облысы.