Жаңа жылдан бастап азық-түлік, сүт өнімдерінің бағасы аспандап кеткені белгілі. Қазір қалалық әкімдіктің басшылары баға саясатын дұрыстау бағытында жұмыстар жүргізе бастады. Атап айтқанда, күнбағыс майын ретсіз қымбаттатып жіберген бірнеше кәсіпорын басшыларына айыппұл салынды. Базарлардағы бағалар да ретке келіп жатыр.
Жақында инфляцияны құрықтау жөніндегі қалалық штабтың отырысы өтіп, сүт өндіруші екі ірі кәсіпорын – «Шығыс сүт» және «Эмиль» компаниялары басшыларымен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде, сүт бағасы сәл де болса арзандап, 4 теңгеге түсті, яғни, бір литрі 126 теңгеден сатыла бастады. Тауарға қосылатын үстеме ақы 13 пайыздан 9 пайызға төмендеді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.