8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Өскемен қаласының 128 тұрғынына «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалдары тапсырылды. Алты және жеті бала тәрбиелеп өсірген асыл жандарға қала әкімінің орынбасары С.Жилякова, аппарат басшысы Қайрат Оразбаев және қалалық мәслихаттың хатшысы В.Головотюк құрметті атақты тапсырып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
«Алтын алқаны» алғандар арасында Фариза Әбілмежінова, Қатира Ажиканова, Сапура Әміренова, тағы басқалар бар. Өз кезегінде аналар қала әкімі И.Әбішевке алғыстарын айтып, алдағы уақытта табыстарға жете берулеріне тілек білдірді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.