• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2011

«ЕНИСЕЙ-1200» Шуда шығарылады

661 рет
көрсетілді

Шу локомотив жөндеу зауы­ты – елімізге және жақын шет елдерге сервистік қызме­ті­мен кеңінен танымал кәсіпорын. Енді, міне, осы кәсіпорын жа­қында тағы бір жаңа жобаның тұсауын кесті. Орыс елінің Краснояр қа­ласындағы комбайн зауыты­мен келісім-шартқа отыр­ған локомотившілер енді «Енисей-1200» ком­байндарын қазақ елінде құ­рас­­тыруға қол жеткізді. Ресейлік «Трактор зауыты концерні» ЖШС директоры Андрей Вольф «Шу локомотив жөндеу зауыты» кәсіпоры­ны­ның басшысы Диас Сүлей­ме­нов­тің қуатты комбайндарды қазақ елінде де құрастыру жө­ніндегі ұсы­нысын құлшына қолдаған. Көп ұзамай Шу локомотив жөндеу зауытымен та­нысып, кәсіпорын­ның комбайн құрастыруға толық мүмкіндігі бар екеніне көзі жеткен. «Енисей-1200» маркалы ком­байны заман талабына сай қуат­ты техника болып табы­ла­ды. Ол қуаттылығына қара­мас­тан басқа­ру­ға жеңіл және доң­ғалақтарды ұстап тұратын кү­шей­тілген белтемірі кез келген ауырлыққа шыдас береді. Астық жинайтын бункері де кең. Сондай-ақ, техника астық жинау, сұрыптау, қорап­қа құю, са­бандарды текшелеп шөмелелеу сияқты жұмыстардың бәрін ат­қа­рады. Шу зауытында құрас­ты­рылатын бір комбайнның құны ша­мамен  12 миллион теңгені құ­рамақ. Ресейлік мамандар комбайн­ның сапасына кепілдік беріп отыр. Шу локомотив жөндеу зауы­тының дайын инфрақұ­ры­лымы, қуатты ауыр мәшинелер жасауға қажетті құрал-жаб­дық­тарының болуы бұ­ған деген сенімді ұлғайта түседі. Оның үстіне, комбайнға қажетті қос­ал­қы бөлшектердің 30%-ы Шу локомотив жөндеу зауытының өзінде жасалмақ. Шу қаласы темір жолдар тоғысатын тораптың бірі болғандықтан комбайнның негізгі бөлшектерін тасымалдау да оңай және арзанға түседі. Шу локомотив жөндеу зауыты басшыларының есептеуінше, ком­байн құрастыру жөніндегі жоба толық қуатында жұмыс істей бастаған уақытта бюджетке бір жылдағы салық түсімі 180 миллион теңгеге жетпек. Жаңа жоба  мақсаты да осы, сапалы ком­байн­дарды көптеп өткеру арқылы кә­сіпорын табысын ұлғайту, облыс және аудан экономикасын жақ­сартуға үлес қосу және қа­ладағы талапты жастарды жаңа жұмысқа тарту. Бүгінге дейін кәсіпоры­н­ның 10 маманы Крас­нояр қала­сындағы комбайн зауытында болып, мәши­не құрастыру жөнінен біліктіліктерін жетілдіріп қайтты. Ресей комбайн жасау­шы­ла­ры Еуропа елдерінде де көп­теген техника құрастыру цех­та­рын ашқан. Ал «Енисей-1200» атты қуатты комбайндарды бүгінде Болгария, Қытай, Вьетнам, Ирак, Мексика сияқты ел­дердің егіс алқаптарынан кө­руге болады. Краснояр комбайн зауыты мамандарының бұдан басқа да ауыл шаруашылығы техникала­рын шығаруға мүмкіндіктері бар. Сұраныс болса, комму­нал­дық және өзге де ірі кәсіп­орын­дарға қажетті үлкен доңғалақты  және шынжыр табанды трак­торларды жасайды. Бұл кә­сіпорын, сонымен бірге, әлем­дік деңгейдегі заманауи талап­тарға жауап беретін әскери ауыр техникаларды жасауымен де белгілі. Биыл Шу локомотив зауы­тында «Енисей-1200» ком­байны­ның 150 данасын құрас­тыру жоспарлануда. Оның ал­ғашқы «қарлығашы»  сәуірдің ал­ғашқы аптасында дайын бол­мақ. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы, Шу ауданы.