• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

Петропавлда 8 мың текше метр қар шығарылды

347 рет
көрсетілді

Петропавлда қала көшелерін тазалау барысында бір апта ішінде 8 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қыс басталмай жатып, СҚО-ның орталығын қалың қар басты. Бір тәулік ішінде бір айлық нормаға тең қар түскен. Ауа райының ауытқуынан жүргіншілер жүретін жолда мұз қатпарланып қалды. Қаланың коммуналдық қызметі қар шығаруды әлі тоқтатқан жоқ. Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, қар жинау кешке 21:00-де басталады. «Қар шығару жұмыстары 7 қарашада басталған болатын. Бүгінгі уақытта 8 мың текше метр қар шығарылып үлгерді. Күн сайын аталмыш жұмыстарға 50 арнайы техника жұмылдырылған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Бас мердігер - «СУ 808» компаниясы. Қосымша 5 ұйым - қосалқы мердігер. «СУ 808», «Норд Жолдары», «Коммунстройсервис», «Коммунхоз-Петропавловск» базасында 3,5 мың текше метр тұзды топырақ дайындалды. Осы аралықта мұзтайғақпен күресу үшін 650 текше метр топырақ жолға шашылды. Қазан айында СҚО әкімі қысқы мерзімге техниканың дайындығын бір пысықтап шыққан болатын. Ол кезде «Су-808» ЖШС директоры Вячеслав Старухин аймақ басшысына техника қысқы маусымға толықтай дайын тұрғанын хабарлаған. Дегенмен қазіргі уақытта қыс өз қаһарына мінбей жатып, коммуналдық қызметтің қар тазалаудағы сылбыр жұмысына қатысты сындар әлеуметтік желіде қаптап кетті. Петропавлдықтар әсіресе, тротуарлардағы мұзтайғаққа қатысты көп шағымдануда. Кейбірі тіпті қалада флешмоб ұйымдастырып, тротуарларға топырақ шашуды ұсынуда.