• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

ЭКСПО-дағы апатқа байланысты тергеу басталды

290 рет
көрсетілді

BI Group компаниясы бүгін ЭКСПО көрмесінің аумағында құлаған конструкцияға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2016 жылдың 16 қарашасы күні шамамен түскі сағат 13.10 кезінде Астана  EXPO-2017 көрмесінің құрылыс жобасында декоративті көпір конструкциясы ішінара құлады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр. Ішкі тергеу жұмыстары басталды. Жобаның бас мердігері - BI Group холдингісінің еншілес кәсіпорны. Жобаның жетекшісі  Абрагим Жакеевтің айтуынша, бұл - тек декоративті сипаттағы конструкция»,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, бүгін ЭКСПО құрылысының аумағында конструкция қақ ортасынан бөлінген еді.