• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №683

341 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 9 қараша  Астана, Үкімет Үйі Қостанай облысының Рудный қаласы, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар Рудный қаласының шекараларына (шегіне) Қостанай және Таран аудандары жерлерінің жалпы ауданы 5288 гектар бөлігін қосу жолымен Қостанай облысы Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қостанай облысы, Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының әкімшілік шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы №400 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы №3 қаулысына келісім берілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №683 қаулысына қосымша Рудный қаласының шекараларына (шегіне) қосылатын Қостанай облысының Қостанай және Таран аудандары жерлері бөлігінің экспликациясы гектар Аудандардың атауы Рудный қаласы­ның шекараларына (шегіне) қо­сылатын жерлер­дің алаңы, гектар Соның ішінде: Елді меке­н­дердің жерлері Ауыл шаруа­шы­лығы мақ­сатына арнал­ған жерлер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауық­тыру, рекреациялық және та­ри­хи-мәдени мақсаттағы жерлер Босалқы жерлер 1 2 3 4 5 6 Қостанай 4746,0 648 2323 0 1775 Таран 542,0 0 403 36 103 Жердің жиыны: 5288,0 648 2726 36 1878