• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

«Егемен Қазақстан» басшысы Қарағанды облысында болды

328 рет
көрсетілді

Кеше Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өңірге жұмыс сапарымен келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады. Кездесу барысында  еліміздің бас басылымында болып жатқан өзгерістер барысы және газет бетінде Қарағанды өңірінің тыныс-тіршілігі туралы материалдардың көрініс табуы туралы әңгіме болды. Мұның алдында «Егемен Қазақстанның» басшысы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқу орнының ректоры академик Арстан Ғазалиев бастаған профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесу өткізген болатын. Қарағандылық зиялы қауым өкілдері де қатысқан бұл кездесу барысында жоғары оқу орны мен республикалық БАҚ-тың әріптестік мәселелері сөз болды. Шараға қатысушылар Дархан Қыдырәліге өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап  алды. «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы қайтар жолда Теміртаудағы «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына» соғып, ондағы «Құрмет кітабына» тілек жазып, қолтаңба қалдырды. Қайрат Әбілдинов, "Егемен Қазақстан". Қарағанды облысы