• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

Әдептен озбау – міндеттеледі

304 рет
көрсетілді

Соңғы кезде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтіліп отыр. Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде арнайы брифинг өтіп, онда мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын сақтау барысы сөз болды. Агенттіктің Мемлекеттік қыз­­мет саласындағы бақылау де­пар­таментінің директоры Қуаныш Жапақов қызмет­ш­ілердің әріп­тестерімен, қол ас­тын­дағы­лар­мен, басшыларымен жұмыс уақытындағы қатынастары, сондай-ақ жұмыстан тыс кездегі және көпшілік алдындағы мі­нез-құлық стандарттары бел­гі­ленгендігін ерекше атады. Әйтсе де қызметтік әдепті бұзған мем­лекеттік қызметшілер де же­терлік. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсы­нысымен Маңғыстау аудандық әкім­дік аппаратының басшысы Жанатов мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін қызметінен боса­тылған. Сол сияқты Ақмола об­лысының Әдеп жөніндегі комис­сиясының ұсынысымен Жарқайың ауданы Атразин ауылдық округінің әкімі Мұқанов та жұмыстан шет­тетіліпті. Қол астындағы қызметкер­леріне әлімжеттік таңытқаны үшін Жамбыл облысы бойынша Әдеп комиссиясының ұсынысымен Тараз қаласы  әкімінің орынбасары Ақаевқа қатаң сөгіс берілген. Осындай өрескелдікке барған және қызмет көлігін  жеке басына пайдаланған Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы әкімд­і­гі аппаратының басшысы Мір­жақыповқа сөгіс жариялау жолымен тәртіптік жауапкершілік белгіленіпті. Және де қоғам тарапынан айтылған сынға жауап бермегені, нақты айтқанда, сыбайлас жемқорлық әрекетке барды деген айыпты бір ай ішінде теріске шығармағаны үшін Қара­ғанды облысы, Осакаров ауданы Тельман ауылдық окру­гінің әкімі Балиеваның қызме­ті төмендетілген. Жалпы, үсті­міздегі жылдың 9 айында 3 535 мемлекеттік қызметші және олардың 10 пай­ызы әдеп қағидаларын бұз­ғаны үшін тәртіптік комиссия ұсы­нысымен жауапқа тартылған. Тар­қатып айтқанда, 8 мемлекеттік қызметшінің лауазымдық қыз­меті төмендетілген, 17-сі қыз­ме­­­ті­нен босатылған. Әдеп жө­нін­дегі уәкілдер барлық ор­талық мемлекеттік және жер­гі­лікті атқарушы органдарда ен­гізілгендігін айта кеткен орынды. Олардың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауын қада­ғалау. Егер мемлекеттік қызмет­ші кодекс талаптарын бұзса, онда Әдеп жөніндегі кеңес әлгі ше­неуніктің тәртіптік ісін қа­рап, жауапкершілікке тартуға ұсы­ныс бере алады. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңес 753 мәселені қараған. Енгізілген 207 ұсыныстың 95 пайызы орын­далған. Ұсынымдарға сәйкес, 344 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, соның ішінде 54 пайызы қызметтік әдеп талаптарын бұзған. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»