• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Кеңес хатшылары кездесті

302 рет
көрсетілді

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов 16-17 қараша күндері Мәскеуде өткен ТМД-ға мүше елдер Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IV кездесуіне қатысты. Шара барысында делегация басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнуі ықтимал сын-қатерлер аясындағы өңірлік өзара іс-қимылдың көкейкесті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, діни экстремизмге бірлесіп қарсы тұру, заңсыз миграциямен күрес және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қазақстан мен Ресей қауіпсіз­дік кеңестерінің аппараттары дең­гейінде дәстүрге айналған екіжақ­ты консультациялар шеңберінде В.Жұмақанов өзінің ресейлік әріп­тесі Н.Патрушевпен келіссөз жүр­гізді. Әскери-техникалық саланы қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынастың кең көлемі бойынша пікір алмасылды. Қазақстан мен Ресейдің Каспий өңіріндегі өзара іс-қимылдары мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, екі мемлекет қауіп­сіздік кеңестері аппараттарының арасында 2017-2018 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. «Егемен-ақпарат»