• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Ресей және грузин балуандарының күресі төбелеске ұласты (видео)

353 рет
көрсетілді

Бухарестте Еуропалық ұлттар кубогы үшін жарыста ресейліктер мен грузиндік балуандар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды sport-express.ru сайты. Боз кілемде күресіп жатқан балуандар Имиль Шарафетдинов пен Зураб Датунашвили кездесу аяқталар тұста сөзге келіп қалып, жанжал тудырды. Салдарынан қос балуан төбелесіп, оларды команда бапкерлері тоқтатты. Сондай-ақ, олар төрешілер шешімімен жарыстан қуылды. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша ресейліктер Еуропалық ұлттар кубогын жеңіп алды. Финалда олар украиналықтардан басым түсіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.