• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

500 оқушы флешмоб жасады

497 рет
көрсетілді

Айтулы шара «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында ұйымдастырылып, Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерей­тойына арналды. Салтанатты түрде мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов жиналғандарға құттықтау сөз арнады. Қазақстандықтар үшін ұлық мереке саналатын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жалпыхалықтық деңгейде атап өтілуде. Осы кезең ішінде Елбасының бастауымен еліміз тұрақты даму жолымен келеді. Көптеген биік белестерді бағындырдық, дей келіп, Ерік Хамзаұлы «Ұлы Дала елі–Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында тағылымы мол патриоттық шаралар бастау алғанын жеткізді. Облыстың құрметті азаматы Нелли Ива­нова, Қызылжар ауданындағы «Жас­тар бастамалары» орталығының ди­рек­торы Думан Зікірин, Назарбаев зияткер­лік мектебінің директоры Нұрғали Ел­ші­беков өз сөздеріне Тәуелсіздіктің жарқын табыстарын, еліміздің ертеңі – жастар­дың оқуына, білім алуына, жұмыс істеуі­не барлық жағдайлар жасалғанын, бас­ты құндылығымыз Тәуелсіздіктің қа­дір-қасиетін жете ұғыну, көздің қарашы­ғын­дай қорғау басты міндет екенін арқау етті. Шара барысында жастар қауымына «Тәуелсіздік құрдастарының тілектері» атты кітап табыс етілді. Бұл кітап 25 желтоқсанға дейін барлық аудандарды аралап, облыстық мұражайға жеткізілетін болады. Акция сонымен қатар, мерекелік жиындарға, кездесулерге, мәдени-спорттық ойындарға жалғасатын болады. Егемендік алғаннан бергі кезеңде жеткен жетістіктер, ұлттар мен ұлыстар арасындағы берік достық, бірлік кеңінен насихатталады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы