• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Өндіріске серпін берген инвестиция

316 рет
көрсетілді

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ-қа  қарасты №1 жылу электр орталығы кәсіпорнында  2009 жылдан осы күнге дейін жүргізілген инвестициялық бағдарламалар аясында қолданыстағы ескі  құрылғылар, құрал-жабдықтарын жаңартып келеді. Қазір еліміздегі әрбір кәсіпорын заман талабына сай жаңа технологиялар үрдісімен жұмыс  жасауға көшті. Бұл жаңашылдықты баспасөз турына қатысқан  тілшілер де  көрді. Келген жеріміз «Қазақстан алюминийі» АҚ  алып кәсіп­орны. Биік мұржаларымен қою­­лана  шыққан түтін көк әлем­ді тұншықтыра жоғары кө­те­ріліп барады. Зауыттағы қа­­уіп­сіздік шараларын ескеріп тіл­­шілерге де арнайы каска, же­ң­­сіз жамылғы  кигізіп, цех­тар­ға  алып жүрді.  Бір-екі са­ғатқа тілшілер де зауыт жұ­мыс­шыларына айналып шыға келдік. Гүрілдеген цех ішінен құлақ тұнады. Өн­ді­ріс­тің нағыз қайнаған қазаны осы жерде. Біздің келуіміз де  бірінші рет емес, әр сапар­да алып зауыттың жеткен жетістіктерін, елімізде қа­был­данған инновациялық-индус­триялық бағдарламаларға сай  атқарып  жатқан жұмыс­та­­рын  көріп жарыса жазып жа­та­мыз. Бүгінгі келген мақ­са­ты­мыз кәсіпорынның инвес­ти­ция­лық жобаларды іске асырып жат­қандығы жайлы өз көзі­міз­бен көріп, танысу болды. Зауыт  бәрімізге белгілі, 50 жыл­дан астам  уақыт алюминий өндіруде. Баспасөз туры ке­зін­де ескі құрылғының жаңа  қондырғымен ауыстырылып, жұ­мыс істеп тұрғанын көрдік. Ал №1 жылу орталығы алюминий зауытын бумен, электр қуа­ты­мен, облыс орталығын ыс­тық сумен, жылумен  қам­та­ма­сыз етіп отыр. Жылу орта­лы­ғының бас инженері орын­баса­рының міндетін атқарушы Александр Люфттың айтуын­ша, орнатылған бұл жаңа агре­гат турбиналы генераторды суытып тұруға  арналған. Бұрын­ғы құрылғылар болса әбден тоз­ды. Енді энергия үнемдеуге де мүмкіндік бар.  Тағы бір жаңа­лық – жаңа қондырғы жанынан «Вибробит-300»  нысаны да іс­ке қосылды. Құны – 34 миллион тең­ге. Бұл компьютерлік кешен стан­садағы тербеліс мөлшерін өл­шеп, апатты жағдайлардан соң аз уақытта қайта қалыпқа келуге көмегін тигізеді. Яғни, то­зығы жеткен механикалық те­тіктің орнын автоматика баст­ы деген сөз. Түтін демекші, «Қазақстан Алюминийі» АҚ қоршаған орта,  табиғат қорғау шараларына да көңіл бөлуде. Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында  биік мұржаларға «СГК»506  атты газдан тазалайтын қондырғы-анализаторлар орнатылыпты. Құны 145 миллион теңге тұратын тазартқыш заманауи бұл кешендер  қазан­дық­тардан шығатын түтін мен  газ­дың сапасын, мөлшерін он­лайн-режімде бақылауға мүм­кіндік береді. – Жаңа қондырғылар, жаң­ғыр­­ту бағдарламалары кә­сіп­орын­­ның еңбек өнім­ді­лігіне,  тех­­­никалық-эконо­ми­калық кө­р­­сеткіштерін  артты­ру­ға да  мол мүмкіндік, – дейді  А.Люфт. Мысалы, электр қуатын өн­­­ді­рудің жылдық мөлшері 2,3 млрд кВт/сағаттан 2,5 млрд кВт/са­­ғатқа дейін артып­ты. Айтса айт­қандай, қазір өңірде жылыту  маусымы басталды. Бұл  за­уыт­тың №1 жылу орталығы үшін аса маңызды кезең. Сон­дық­тан, 2016-2017 жылғы жылы­ту маусымына дайындық жыл сай­ын ерте күзден бастала­ды. Стан­саның бекітілген электр қуа­ты-350 мың МВт, жылу қуа­тты 1182 Гкал. Биыл  №1, №7 қазандықтың ағымдық, ал, №3, №5 қазандықтарға күр­делі жөндеу жұмыстары жел­тоқсан айының  15-не дейін аяқ­талмақшы. Орталықта  қызу жұмыс. Қазір стансада 80 877 тонна көмір, 1207 тонна мазут қоры бар. Станса қысқа дайын. Кәсіпорында инвестиция­лық міндеттемелердің орын­да­луы басты назарда. Жал­пы, 2015-2016 жылдары  кә­сіп­орын­­ды жаңғырту  жұ­мыс­тар­ына 5 млрд теңгеге жуық қар­жы бағытталыпты.  Ке­лесі кезек­те жаңғырту  бағ­дар­ламасы  бой­ынша №4 қазан­дық­тың іші-сыр­тын  ауыстыру жобасы кү­тіп тұр. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы Суретті түсірген Антон КОЗЛОВ