• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Жамбыл облысы ІІД-не жаңа көліктер берілді

389 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Ішкі істер департаментіне 83 қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Насбекұлы Көкрекбаев сөз сөйлеп, су жаңа арнайы қызметтік 83 автокөліктің кілтін тапсырды. Облыс әкімінің қолынан кілт алған полиция қызметкері өз кезегінде Қазақстан Республикасына қызмет етуге ант берді.  -Құрылғанына 10 айдан астам уақыт ішінде Жергілікті полиция қызметі өзінің міндеттерін тиісті деңгейде атқарып, облыстың криминогендік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Ағымдағы жылдың он айында облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 11 пайызға төмендеді. Бүгін тапсырғалы отырған автокөліктер де қылмыспен күресу шараларын жетілдіруге өз үлесін қосатынына сенімдімін, - деді аймақ басшысы. Келесі кезекте сөз сөйлеген Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Тлеген Советұлы Маткенов: «Бүгін жамбылдық полицейлер үшін ғана емес, барлық облыс тұрғындары үшін қуанышты жайт орын алды. Себебі, материалдық-техникалық базаның жақсаруы аймақ тұрғындарының мүддесі үшін қылмыспен күресуде қоғамға тиімдірек қызмет етуге септігін тигізеді. Жамбылдық полицейлердің сапалы қызмет атқаруы ісінде облыстық әкімдік баға жетпес көмек көрсетті әрі көрсетіп келеді. Бүгінгі заманауи автокөліктердің табыс етілуі – осының айқын бір дәлелі. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қолдау жасау мәселелеріне көңіл бөлгеніңіз үшін, Кәрім Насбекұлы, Сізге шынайы алғысымды білдіргім келеді – дей келе, облыс полицейлерінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық күш-жігерін салып  еңбек ететінін жеткізді.