• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Қырымбек Көшербаев IPC басшылығымен кездесті

296 рет
көрсетілді

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Independent Power Corporation» компаниясының директоры Питер Эрлмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің IPC басшылығымен кездесуі барысында Қызылорда облысындағы қуаттылығы 50 (Қызылорда қаласы) және 30 мВт (Әйтеке би кенті) екі газ турбиналық станциясының құрылысы туралы мәселелер талқыланды. Компания ЕҚДБ-ның меншікті және тартылған қаражаты есебінен жобаны қаржыландыруға дайын екендігін жеткізді. Аталған нысанның құрылысы Қазақстан Республикасының бірыңғай энергожүйесінің оңтүстік аймағындағы қуатты реттеу арқылы сенімді электр жүйесімен қамтамасыз етеді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылы Ұлыбританияға  ресми сапары барысында британдық «Independent Power Corporation» компаниясы мен Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы «Қаз Транс Газ» АҚ арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылғаны белгілі. Бұл меморандум республика бойынша жалпы қуаты 1600 мВт газ турбиналық электр станцияларының құрылысы мәселелерін қарастырады.