• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Волонтер 23 Қараша, 2016

«Волонтер – 2016» байқауының жеңімпаздары марапатталды

411 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Волонтер – 2016» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің баспасөз қызметі.

Байқау волонтерлік жобаларды жүзеге асырған, сондай-ақ 2016 жылы өз еркімен волонтерлік қызметтер атқарған ең үздік волонтерлік ұйымдарды іріктеп, марапаттауға бағытталған. Марапаттау рәсіміне Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен, жастар, қоғамдық ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ, өңірлерден келген волонтерлер қатысты. «Волонтерлік» – ол өз ойларын жүзеге асырудағы үлкен мүмкіндік және волонтер болу ол адамдар алдында ғана емес, ол өз-өзіне деген үлкен жауапкершілік. Волонтер болу тек шығармашыл және белсенді болу емес, сонымен қатар батыр мінезді әрі лайықты адам болу. Шын жүректен жұмыс жасайтын барлық еріктілер таза қаһарман, шынайы және ашық жандар. Әр волонтер жоғары марапатқа және қолдауға лайықты» деді министр. Республикалық конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ден аса өтініш беріліп, сайысқа қатысты.

Соңғы жаңалықтар